Спортқа қатысты жаңалық көп.

Бірақ біз бүгінгі «Сіз білесіз бе?» айдарында ең қызықты 10 дерекпен бөліспекпіз.

Бокс спорт түрі ретінде тек 1900 жылы ғана заңдастырылған.

Барлық әлем чемпионаттарына қатысқан жалғыз ел – Бразилия.

Көп адам ойлайтындай, дзюдода 10 емес, 12 дан бар. Бірақ әлі күнге 11-ші данға ие болған ешкім жоқ. Ал 12-ші данды тек бір адам – дзюдоның негізін қалаған Дхигаро Кано ғана алған.

Хоккейдегі қақпашының бетпердесі ең алғаш 1936 жылы Берлин­де пайда­ла­нылды.

Майк Тайсон өзінің кәсіби рингте өткізген 51 матчының 21-ін бірінші раундта-ақ нокаутпен аяқтаған.

Detroit Free Press жүргізген зерттеулер бойынша кәсіби хоккейшілердің 68 пайызы мұз айдынында тым болмағанда бір тісін жоғалтқан.

Ватикан құрамасы өз тарихында тек бір рет қана халықаралық матч өткізген. Монако құрамасымен болған бұл айқас 0:0 есебімен аяқталды.

Чемпиондар лигасында ең көп жеңіске жеткен – Реал (Мадрид). Ол 9 рет кубокка ие болған.

Әлем­дегі ең биік баскет­болшы – Сун Минмин (Қытай). Оның бойы – 236 см, салмағы – 152 кг.

Ұлттық чемпионаттың жеңімпазы атанған ең жас спортшы – Ямайка тұрғыны ДжейФостер. 1958 жылы жеңіске жеткенде оның жасы 8-де болған.