Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов мемлекеттік сыйақыны қайырымдылыққа жұмсайтынын жеткізді.

Кеше Қазақстан бокс федерациясы олимпиадалық команданы мара­паттау мақсатында баспасөз мәслихатын өткізді. Федерациясының бас­шылығы спортшылар мен жаттықтырушыларды ақшалай сыйақымен марапаттап, Олимпиадаға қатысқан басқа да боксшыларға бағалы сый­лықтар табыстады.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарында қола жүлде алған спорт­шыларға осыған дейін  75 мың доллар сыйақы берілді. Бұған дейін еркін күрестен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, балуан Нұрислам Санаев та мемлекеттік сыйақыны қайырымдылыққа жұмсайтынын айт­қан болатын.