ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 30 тамыз – ҚР  Конституциясы күніне орай «Сыр үміті» жастар қауымдастығының және «Қазақстан жастар фракциясы» қоғамдық қорының қолдауымен облыс жастарының арасында волейболдан турнир өтті.

Өңір халқының бұқаралық спортқа деген қызығушылығы жоғары. Оны турнир барысында байқау қиын емес. Тартысқа толы бәсекеге облыс бойынша ең мықты деген 8 команда қатысты. Олар бірінен-бірі асып түсті.

Турнирге қатысушы командалар 2 топқа бөлініп сайысты. Алғашқы “А” тобынан Шиелі және Қызылорда құрамалары алға шықса, “Б” тобынан Жаңақорған және Жалағаш жастарының жолы болып, жартылай сында өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Жартылай финалдық кездесу ақтық бәсекеден кем болмады. Шиелі жастары Жалағаш құрамасын жеңсе, қызылордалық жастар Жаңақорған құрамасынан басым түсті. Ақтық сында Шиелі командасы, турнирдің жеңімпазы атанды. Ал ІІІ орын үшін тер төккен Жаңақорған құрамасы жалағаштықтардан басым түсіп, қола жүлделі қанағат тұтты.  Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломмен марапатталды.