Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесе жас спортшылар арасында «Жастар есірткіге қарсы!» ұранымен футзалдан облыстық спартакиада өткізді.

Жарыстың мақсаты жастарды салауатты өмір салтына баулу және кәмелетке толмағандар мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалану.

Бұл жарыстардың барлық кезеңдері қызықты өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, жігерлік көрсетті. Барлығы қарсыластарына өз дағдыларын көрсетуге тырысты.

Финалдық жарысқа алты команда қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша Жаңақорған ауданынан келген команда – І орын, Қызылорда қаласының командасы – ІІ орын, Сырдария ауданының командасы – ІІІ орын иеленді. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жеңімпаз командалардың барлық мүшелеріне спорттық форма мен дипломдар табыс етті.

Сонымен қатар, Ішкі істер органдарының ардагерлері «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік жартылай қорғаушы», «Үздік ойыншы», «Үздік жаттықтырушы», «Белсенді қатысқаны үшін» номинациялары бойынша сыйлықтар дайындап, табыстады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!