Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов келесі

жекпе-жегін 4 желтоқсанда өткізеді. Ол анголалық Манел Капемен кездеседі.

Қазақстандық спортшы алдағы жекпе-жегі туралы Instagram-парақшасында жариялады. Бұл Жұмағұловтың UFC-мен жаңа келісімшарты бойынша бірінші жекпе-жегі.

Жекпе-жек Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC Fight Night 199 турнирінде өтеді. Жапондық Rizin Fighting Federation федерациясының экс-чемпионы, анголалық боксшы Манел Капе қазақстандыққа қарсылас болады.

 Жұмағұлов соңғы жекпе-жегін шілдеде Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC 264 турнирінде өткізіп, америкалық Джером Ривераны қылғындыру әдісімен жеңді. UFC-мен жаңа келісім бойынша төрт жекпе-жек өтуі керек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!