ШАЯН

Бірінші жартыжылдықта өзіңізге есеп бересіз. Өткен жылы бітпей қалған істеріңізді аяғына дейін орындауға үлкен мүмкіндік бар. Келесі жартыжылдыққа жаңа жоспар құру үшін бұл мүмкіндікті қалт жібермеңіз. Уақыт сізге бағынбайды. Адамдарға бос кінә артпаңыз. Болмашы нәрселерді көңіліңізге жақын қабылдау да зиян келтіреді. Қарсы пікірлерден қорықпай, ойыңызды ашық айтыңыз. Енді бос қиялға беріліп, армандай беруге енді болмайды. Сиыр жылы сол армандарыңызды жүзеге асыруға зор мүмкіндіктер сыйлайды. Жыл аяғына қарай барлық мәселе шешіле бастайды, тіпті бұған өзіңіз де таңқаласыз. Теңізге саяхаттап, өміріңіздің екінші тынысы ашылғандай күй кешесіз.

Махаббат

Бұл жылда жеке өмірдің жаңа парақтары ашылады. Алғашқы қадам жасаудан және романтикалық жақындықтан қорықпаңыз. Жалғызбасты жандар өмірлік серігін жолықтырады. Ол адам сіздің айналаңызда жүруі де мүмкін екенін естен шығармаңыз. Романтикалық іздеу салуға қараша мен желтоқсан айлары дәл келеді. Ал өз теңі бар жандар күдік пен қауесеттерге ермей, өз махаббатына сенім білдіргені абзал. Ал отбасылы адамдар үшін қарым-қатынаста ақ-қараны айырып алған дұрыс.

Қаржы

Сиыр жылы шаян белгісіндегілердің қызметте абыройлы болып, дәрежесінің өсуіне септігін тигізеді.  Тіпті өзіңізді басқа мамандықта сынап көруге жүрексінбеңіз. Нәтижесінде экономикалық және қаржылық тұрғыдан пайдалы болады. Өз кәсібіңізді ашуға болатынын ұмытпаңыз. Сонымен қатар даулы сауалдар туындағанда өз жақындарыңыздың ақылына құлақ түрудің пайдасы тиеді. Керексіз шығынды азайтып, жыл соңына дейін қомақты ақша жинаудың сәті түседі. Осы мүмкіндіктен құр қалмаңыз.

Денсаулық

Жыл басында денсаулық мәселесі туындамайды. Тіпті созылмалы дерттерді ұмытуға да болады. Әрдайым салмақты қалпыңызды жоғалтпай, кез келген мәселені эмоциясыз шешуге тырысыңыз. Жылдың басында шектен тыс қобалжулар мен жағымсыз эмоцияларға бой алдырасыз. Сондықтан психикаңызға артық күш түсірмеуге тырысыңыз. Реті келіп жатса, психологтың қабылдауына жазылыңыз. Демалыс күндері табиғат аясында серуендеп, көңіл көтеру орындарына барып тұру бой сергітеді. Қазан айында толық медициналық тексеруден өткен абзал. Күн тәртібін нақтылап, тиімді тамақтануға дағдыланыңыз. Ағзаңызға кальций дәрумені аса қажет. Ащы және тәтті тағамдарды аз пайдаланыңыз.

Аударған Айгүл ӘЛІШЕРОВА