15 қарапайым ереже

Бұл жазбаны жиі оқып тұрыңыз.

1. Ешқашан теледидар қарамаңыз.

2. Сізді сатып кеткен адамға оралмаңыз. Ол өзгермейді.

3. Басыңызға ой келді ме? Жазып алыңыз. Бір күні керек болады.

4. Кешіктіңіз бе? Аса қиын жағдай емес, тек қана хабарлау жолын табыңыз.

5. Өзге жанның армандарына күлмеңіз. Өзіңіздікін ойлаңыз.

6. Шындықты айтыңыз, сонда жалған сөздерді еске сақтаудың қажеті жоқ болады.

7. Өсек айтпаңыз. Түбі жақсылыққа әкелмейді.

8. Кішіпейіл болуға тырысыңыз. Кішіпейіл жандар үлкен қалаларды тұрғызған.

9. Өз қатеңізді мойындай біліңіз.

10. Біреудің алдында өмірге шағымдану әдетін тастаңыз. Сіздің қиын мәселеңіз – ешкімді қызықтырмайды.

11. Мынандай бір нәрсе бар «ештеңеге қарамай алға жүру». Көріңіз, мүмкін көмектесер.

12. Қандай жағдай болмасын – сабыр сақтаңыз. Қиын сәт те өтпелі, есіңізде болсын.

13. Ұрысыңыз, төбелесіңіз – бірақ ешқашан жүрекке тиетін ауыр сөз айтпаңыз. Себебі, сіз татуласасыз. Ал сөз жүректе қалады.

14. Күн басталғанда – ең қиын істерді істеңіз. Қалған уақытта “қиын іс” ойды мазаламайды.

15. Ешкім ешкімге ештеңе қарыз емес. “Қарыз” сөзін ұмытыңыз, сөз қорыңыздан алып тастаңыз. Әйтпесе шынымен де қарызға батасыз, материалдық жағынан да, моральдық жағынан да.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!