Соңғы уақытта сән индус­трия­сы да қарқынды дамып келеді. Сондықтан болар, сұлулыққа ұмтылатын жастардың қарасы көп. Осы орайда «дініміз бойын­ша боянуға, сәнді киінуге рұқсат етілген бе?» деген сауалымызға Жеңіс Әбибуллаұлы келесідей жауап берді.

‒  Әрине, дініміз сәнді киінуге, жұпар иіс себінуге, таза жүруге шақырады. Алайда өзінің шеңберінде, шектен шықпайтындай болу керек.

«Сұлулықтың нышаны» деген желеу­мен ашық-шашық, «ит талағандай» жыр­тық әрі қырық жамау киімдер киетін бол­са, әйелдер өзге ерлерді, ерлер өзге әйел­дерді арбау үшін иіс су себінетін болса, боянатын болса дініміз ондай ниеттілерді лағнеттейді.

Ал Алла қосқан жұбайы үшін немесе жастар таза әрі жұпар иіс шығып, өзіне деген құрметі үшін байыпты киініп, қажетті дәрежеде жұпарланып мұсылмандық қа­сиетке лайықты жүрсе, мол сауапқа ке­неледі, ‒ дейді дін өкілі.

Гүлдана ЖҰМАДИН