Тоқты

Көп уақытты серуендеп, көңіл көтеруге арнаңыз. Қиын күндерді ұмытып, жаңа күнге жаңа көзқараспен қараңыз. Бұл апта сіз үшін өте маңызды, сондықтан шешімді асықпай қабылдаңыз!

Торпақ

Қаражат жағы қалтаңызды жұқартуы мүмкін. Қиындық туындауы ғажап емес. Жақын арада кәсіп бастаған жөн. Сондай-ақ денсаулығыңызға жіті көңіл бөліңіз.

Егіз

 “Жұмыс, карьера” деп өзіңізді ұмытпаңыз. Айналаңыздағы адамдардан еш қорықпай, батылырақ бола түсіңіз. Сізді ешкім де қорқытып, үркіте алмайды. Ойыңызға келген мақсатты нақты жоспарлап, орындай біліңіз. Жаныңыз қалаған нәрсені жасауға тырысыңыз.

Шаян

Махаббатта жолыңыз болады. Тек жүрегіңізді тыңдаңыз. Қаражат жағынан қиындық туындауы ықтимал. Сондықтан қаржыңызды үнемдеп жұмсаңыз. Жұлдыздар көп серуендеуге кеңес береді.

Арыстан

Жақыныңызға сізден көмек керек болады, сондықтан қасында болғаныңыз жөн. Егер бір кездесу бола қалса, ол сіздің өміріңізді өзгертуі де мүмкін. Апта соңында күтпеген тосын сый болғалы тұр.

Бикеш

Жоспарыңыздың көп бөлігі орындалайын деп тұр. Егер сіз тырыссаңыз, керемет жұмыс тауып қалуыңыз мүмкін. Жақын жандардан да көмек сұраған жөн.

Таразы

Сіздің айыңыз оңынан туып, жұлдызыңыз жарқырайтын күн алыс емес. Жақындарыңыз қолдау көрсетіп, өзіңізді тағы бір қырыңыздан көрсететін кез туды. Егер сіз осы бетіңізден таймасаңыз, аз күнде биіктен көрінетініңіз анық.

Сарышаян

Сізді маңызды бір кездесу күтіп тұр. Сондықтан жүрген жүрісіңізге де, киген киіміңізге де аса мән берген жөн. Қызметіңіз жоғарылап, біршама жетістіктерге жетесіз. Дегенмен жақсылық жасаған адамдардың қадірін біліңіз.

Мерген

Өз күшіңізге сенесіз, әлі талай белесті бағындырасыз. Тек жоспарды бір пысықтап алыңыз. Отбасылық демалыстың сізге тигізер пайдасы зор болмақ.

Тауешкі

Уақытыңызды құр текке өткізе бермеңіз. Батыл әрі нақты сөйлей біліңіз, бір нәрсені ойласаңыз,  жоспарды міндетті түрде орындауға тырысыңыз.

Суқұйғыш

Аптада жоспарыңыз түгелдей орындалады. Сол себепті уақытты үнемдеген жөн. Сізді ерекше мүмкіндік күтіп тұр. Сондықтан барлық жақсылықты қуана қабылдай біліңіз.

Балық

Бұл аптаны отбасыңызбен өткізіңіз. Жұмысты, жоспарды ысырып қойып, жақындардың қасында болыңыз. Өмірдің қызығын сезініп, отбасылық жылылықтың қадірін түсініңіз. Апта сіз ойлағаннан да қызықты өтеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!