Ұлыбританиялық Collins English сөздігі permacrisis сөзін 2022 жылдың басты сөзі ретінде таныды. Бұл туралы сөздік сайтында жазылған, – деп хабарлайды Gazeta.ru.

Бұл сөз permanent және crisis сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Яғни «тұрақты дағдарыс», «тұрақсыздық пен қауіпсіздіктің ұзақ кезеңі» дегенді білдіреді. Бұл термин 2022 жылы әлемде болып жатқан дағдарысқа байланысты таңдалған. Оның ішінде саяси тұрақсыздық, Украинадағы соғыс, климаттың өзгеруі және өмірдің бағасы секілді мәселелер бар.

Permacrisis сөзі Collins сөздігіне биылғы 10 жаңа сөзбен бірге енгізілген. Олардың арасында Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсонға қатысты оқиғаны білдіретін «патигейт» зат есімі, жаңа патша III Чарльз есімімен байланысты «каролинский» сын есімі, сондай-ақ, үйлерін жылыту үшін ақша төлей алмайтын адамдар жылынатын жерлерді білдіретін warm banks («жылу банктері») тіркесі бар.

Сонымен қатар, Ұлыбританиядағы саяси өзгерістер мен Украинадағы оқиғалар аясында сөздікке бірнеше өмірбаяндық мақалалар қосылған. Соның ішінде Украина президенті Владимир Зеленский, ағайынды Кличко, жаңа премьер-министр Риши Сунак және III Чарльздің әйелі патшайым Камила туралы мақалалар бар.

Айта кетейік, былтыр NFS аббревиатурасы жыл сөзі деп аталған еді.