Ол кәдеге жарату алымынан 920 миллион теңге қаржы жымқырған, деп хабарлайды Экспресс К.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәліметіне сүйенсек, утилалыммен айналысқан компанияның бұрынғы құрылтайшысы 2017-2018 жылдар аралығында Экологиялық кодекстің талаптарын бұза отырып, дивиденд түрінде заңсыз төленген кәдеге жарату алымының ақшалай қаражатын иеленді деген күдікке ілініп отыр.

Шынар Мұхтароваға іздеу жарияланды және оған қатысты сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады,

— делінген ақпаратта.

Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін агенттік 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделгенін де хабарлады.

Егер сізде оның орналасқан жері туралы ақпарат болса, агенттіктің төменде көрсетілген телефондарына хабарлауыңызға болады:

call-центр 1424

+7 (7172) 909 260

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!