Қызылорда облысында маусым айында 9 адам суға кетті. Оның ішінде төртеуі – бала. Бұл төтенше жағдайлар саласы мамандарын алаңдатып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысында жыл басынан бері 20 адам суға батып кеткен. Оның ішінде жетеуі – бала. Былтыр өңірде 28 адам осындай оқиға салдарынан көз жұмған. Олардың арасында 18 бала бар. «Біз тұрғындардан суға түсу кезінде барлық қауіпсіздік шараларына назар аудару қажеттігін сұраймыз. Қарапайым ережелерді сақтау әрбір адамның өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді. Бұл бағытта төтенше жағдайлар саласының мамандары түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Соған қарамастан оқыс оқиғаларға жол беріліп жатады», – деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялқ-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!