Сәуір айының алғашқы жексенбісі – Геологтар күні. Осыған орай Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Инжинирингтік технологиялар» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Салтанат Аппазова мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Инжинирингтік технологиялар» білім беру бағдарламасының оқытушысы Ербол Серікбаев баспасөз конференциясын өткізді.

Шара барысында спикерлер Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, геолог-ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай өндіріс орындарының мамандарының қатысуымен Республикалық ғылыми конференция өткенін және алдағы уақытта іс-шаралар ұйымдастырылатынын мәлімдеді.

Ғылыми конференцияда Қазақстанның пайдалы қазбалары мен кен орындарының болашағы, күрделі мәселелері талқыланып, жоғары деңгейде өтті. Енді осы сәуір айында тағы жоспарлар бар, мәселен кітапханалармен бірлесе отырып шаралар ұйымдастырамыз. Қ.Сәтбаевтің дүниеге келгеннен бастап ғұмыр жолында жасаған еңбектері туралы көп мағлұматтар айтуға болады. Барлығын белгілі бір күндерге бөліп, атап өтіп жатырмыз – деді С.Аппазова.

Сонымен қатар спикерлер геология саласы бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін тәмамдаған түлектердің қазіргі таңда жұмыспен қамтылуы жайы айтып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!