Sputnik. Өткен айда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бес түрі арзандады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде айтылды.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметі бойынша осы жылдың ақпан айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу индексі 1,3%-ға дейін баяулаған.

«Сонымен қатар бес тауар түрі: күріш (-2,9%), жұмыртқа (-1,4%), ұн (-0,8%), макарон өнімі (-0,4%) және қарақұмық (-0,2%) бағасы төмендеді. Жыл басынан бері маусымға байланысты көкөніс бағасы өскен», – деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков 156,9 мың тонна жалпы көкөніс қорының 53,9 мың тоннасы сатылғанын, қазіргі сәтте 92,5 мың тонна көкөніс қоры қалғанын хабарлады.

«Жүргізілген түгендеулерден кейін қоймалардағы картоп қоры 47,6 мың тоннаны, сәбіз 16 мың тоннаны, пияз 14,6 мың тоннаны, қырыққабат 14,1 мың тоннаны құрап отыр», — деп мәлімдеді Ербол Тасжүреков.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!