Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкеріне қауіп төндірген полиция майоры қамауға алынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде азаматтық киімдегі адам Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкеріне қатысты атыс қаруын қолданумен қорқытатын видео тараған.

«Алматы облысы бойынша cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарасай ауданы Полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық жауаптылықтан алшақтатқаны үшін 500 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алу (пара) дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері тінту жүргізген кезде полиция майоры заңды талаптарға бағынбай, атыс қаруын қолданамын деп қорқытқан», – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!