Футболдан әлем біріншілігінің жеңімпазы анықталды. Дохадағы өткен бәсекенің финалында Аргентина мен Франция құрамасы кездесті. Ойын өте тартысты басталды. 80-минутқа дейін Аргентина 2:0 есебімен алда тұрған. Кейін Киллиан Мбаппе есепті теңестіріп, экстра таймда жалғасты. Қосымша таймда да Лионель Месси мен Киллиан Мбаппе бір голдан салып, матч 3:3 есебімен тең түсті. Пенальти сериясында Аргентинаның бағы жанды. Аргентина құрамасының қақпашысы екі допты қайтарып, Аргентина әлем чемпионы атанды! Осылайша, Аргентина құрамасы 1986 жылдан бері алғаш рет чемпион атанды. Бұл команданың әлемдік мундиалдағы үшінші жеңісі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!