Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы газ толтыру стансасындағы ірі өрт салдарынан зардап шеккендердің жай-күйі жайлы ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, өрт кезінде 4 адам зардап шеккен.

Олар №1 қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

«1995 жылы дүниеге келген пациентті орташа ауыр деңгейде термиялық күйік шалған. 1992 жылы дүниеге келген екі және 1969 жылы дүниеге келген тағы бір пациенттің жағдайы ауыр. Үшеуінде де – үшінші дәрежелі күйік шогы. Пациенттерге қажетті бүкіл медициналық көмек көрсетіліп жатыр», – деп атап өтті басқармадан.

Бұған дейін, 25 шілде күні сағат 22.05-те 101 пультіне Қобда көшесі, 6 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабарлама түскен еді.

Оқиға орнына жедел түрде Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД құтқарушылары жіберілген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!