Астанада егде жастағы әйел өнеркәсіптік альпинистің арқанын кесіп тастаған. Ол альпинисті ұрымен шатастырып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде өнеркәсіптік альпинистің кесілген арқанды көрсетіп, зейнеткермен сөйлесіп жатқан видеосы тарады. 

«Неге істедіңіз олай? Енді қалай түсемін мен?» – дейді ер адам.

Астананың полиция департаменті бұл деректі растаған. Мәлім болғандай зейнеткер альпинисті ұрымен шатастырған. 

«Мәлім болғандай оқиғаға әженің қатысты бар екен. Тексеріс барысында әже альпинисті ұры деп ойлап, арқанды кесіп тастаған. Альпинист арыз жазудан бас тартты», – делінген полицияның баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Учаскелік инспекторлар зейнеткермен түсіндірме жұмысын жүргізіпті. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!