Байқоңырда 10 жасар бала қарындасын ас үйдегі үстелден құлатып алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ағасы қарындасын көтеріп жүрген. Алайда су ішу үшін ас үйге кіріп, қарындасын үстелге қойғанда, сәби жерге құлап ктекен. 

«Нәтижесінде сәби жабық бас сүйек-ми жарақаты, самай сүйегінің сынуы, ми жарақатын алды», – делінген прокуратура хабарламасында. 

Ведомство мәліметінше бұған дейін өзге отбасыда қарындасына бас-көз болған ағасы сәбиді құлатып алған. 

«Ата-анасы 5 айлық қыздарына бас-көз болу үшін 8 жасар ағасына сеніп тапсырған. Бала сәбиді көтермек болғанда ол төсектен жерге құлап кеткен. Салдарынан нәрестеның төбе сүйегі сынып, ми жарақатын алды», – деп қосты «Байқоңыр» кешенінің прокуратурасы. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!