Бұл туралы журналист-жүргізуші Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. Ондағы бейнежазбадан бір баланың бетін басып ентігіп отырғанын, қалғандары қарап тұрғанын көруге болады. Сосын өзгелері ентіккен жеткіншектің жүрек тұсынан уқалап, массаж жасайды. Артынша, ентіккен бала көзі аларып, есінен танып қалады.

«Мынау не сұмдық?! Алматылық оқушылар арасында енді осындай “ойын” шығыпты. Ентігіп тұрған адамның жүрек тұсын қатты басқанда есінен танады екен. Балалардың өздері мәз, приколдың арты қайғылы жәйтқа ұласпасына кім кепіл?!

Видеодан балаларын таныған ата-аналар ойыннан өрт шығатынын жақсылап ескертсе екен», – деп жазды журналист.