Нұр-Сұлтан. 15 тамыз. 7kun.kz – Бақыт Сұлтанов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Оның орнына Серік Жұманғарин тағайындалды.

«Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылсын», – делінген жарлықта.