Әлем чемпионатының 1/16 финалында Бельгия құрамасы Сенегалды қосымша уақытта 3:2 есебімен жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы «Люмен Филд» стадионында өткен кездесуде есепті 24-минутта сенегалдық Хабиб Диарра ашты. Ал 51-минутта Исмаила Сарр мергендік танытып, Сенегалдың басымдығын арттыра түсті.

Матчтың соңғы минуттарында бельгиялықтар камбэк жасады. 86-минутта Ромелу Лукаку есеп айырмасын қысқартса, 89-минутта Юри Тилеманс таразы басын теңестірді.

Мбаппе Мессиді өкшелеп келеді

Жеңіс голы қосымша уақыттың соңғы минуттарында соғылды. 120+5-минутта Юри Тилеманс пенальтиді дәл орындап, Бельгияға 3:2 есебімен жеңіс сыйлады.

Осылайша, Бельгия құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты. Келесі кезеңде олар АҚШ пен Босния және Герцеговина құрамалары арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Англия құрамасы Конгоны 2:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды. Тартысқа толы ойында Харри Кейн дубль авторы атанды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!