Көңіл-күйің түсіп тұрғанда сүйікті әнді қосып жібересің де, бірнеше минуттан соң жадырап сала бересің. Кейде бір ескі ән естілгенде, көзіңе жас үйіріліп, баяғы бір кезді сағынасың. Тойда ырғақты музыка басталса, аяғың өзінен-өзі биге қалай тартылып кеткенін байқамай қаласың. Музыканың адамға осыншама әсер ететіні бәрімізге таныс. Бірақ «оның сыры неде? Әуен біздің миымыз қалай әсер етеді?» деген сұраққа жауап іздегендер аз. Ал ғылым бұл сұрақтың төңірегінде талай қызық жаңалық ашып үлгерген.
Музыка тыңдағанда миымыз да нақты химиялық өзгеріс бола ды. Ғалымдар арнайы ми сканерін қолдана отырып бір таңғаларлық жайтты анықтады. Адам өзіне ұнайтын музыканы тыңдап, ең әсерлі сәтке жеткенде, миында дофамин деген зат бөлініп шығады. Дофамин – мидағы рахат пен қанағат сезімін тудыратын химиялық зат, оны көбіне «бақыт гормоны» деп атайды. Ең қызығы, дәл осы зат адам дәмді тамақ жегенде, не басқа да ләззат алғанда бөлінеді. Демек миымыз үшін сүйікті музыка тыңдау мен дәмді тағам жеу бір қатардағы рахат екен. Сол себепті жақсы ән естігенде бойымыз балқып, тіпті кейде денеміз түршігіп, бір ғажап ләззатқа бөленеміз. Бұл сезім ойдан шыққан нәрсе емес, нағыз ғылыми негізі бар құбылыс. Музыканың есте сақтауға әсері тіптен таңғаларлық. Зерттеулер музыканың жадыны жақсартатынын, зейінді арттыратынын көрсеткен. Бір нәрсені әнмен, әуенмен жаттаған адам оны әлдеқайда берік есте сақтайды екен. Мұның дәлелін өз өмірімізден де көреміз, мысалы балалар әліппені әнге қосып жаттағанда тез жаттап алады. Әуеннің қайталанып келетін ырғағы миға ақпаратты бекітуге көмектеседі. Дәл осы себептен көп мұғалім ережелерді, өлеңдерді әнге салып үйретеді. Бұдан бөлек ғалымдар музыканың ауыр науқастарға да ем болатынын анықтаған. Бір зерттеуде есі ауысқан, естелігін жоғалтқан қарт адамдарға өздері жас кезінде тыңдаған әндерді қосып бергенде, олардың көңілкүйі жақсарып, ұмыт болған естеліктері қайта оянған. Музыка мидың ең терең түкпіріндегі жадыны да оята алады екен. Музыканың әртүрлі әсер ететіні де ашылған. Ғалымдардың зерттеуінше, тыныш, баяу музыка адамды тыныш тандырып, көңілдегі мазасыздықты басады, өйткені ол серотонин деген тағы бір тыныштық сыйлайтын гармонды көбейтеді. Ал ырғақты, екпінді музыка керісінше адамды сергітеді, қозғалысқа қуат береді. Сондықтан спортшылар жаттығу алдында жігерлендіретін музыка тыңдайды, ал демалғысы келген адам тыныш әуенге құлақ түреді. Бір зерттеуде орташа жылдамдықтағы, сөзсіз, тек аспаппен ойналатын музыка адамның жұмысқа зейінін арттыратыны анықталған. Бірақ сөзі бар музыка, керісінше, ой жұмысына кедергі келтіреді екен, өйткені ми әріп пен сөзге алаңдайды. Демек сабақ оқып не бір нәрсеге зейін қойғың келсе, мәтіні жоқ музыка тыңдаған тиімдірек. Музыканың ең үлкен сыйы, ол адамды қартайғанда да сақтайды. Зерттеулер өмір бойы музыка мен айналысқан, аспап ойнаған адамдардың миы жасына қарай аз тозатынын көрсеткен. Тіпті бір ұзақ зерттеуде жетпіс бес жастан асқан адам дарды бес жыл бойы бақылағанда, тұрақты түрде музыкалық аспап ойнаған адам дардың есі ауысу қаупі айтарлықтай төмен болған. Қызығы, аспап ойнаудың миды сақтаудағы пайдасы кітап оқу, сөзжұмбақ шешу сияқты басқа жаттығулардан да жоғары екен. Демек музыка деген жай ғана өнер емес, ол миды жаттықтыратын, оны қартаюдан қорғайтын нағыз дәрі іспетті. Музыка – біз ойла ғаннан әлдеқайда күш ті дүние. Ол көңілкүйі мізді көтереді, есімізді жақсартады, мазасыз дығы мызды басады, тіпті миымызды қартаюдан қорғайды. Әр әуеннің артында миымызға әсер ететін нақты ғылыми құбылыс жа тыр. Сондықтан музыканы жай ғана ермек деп қарамай, оны өзімізге пай да келтіретін күш ретінде ақылмен қолданайық. Көңілің түссе, сүйікті әніңді қос, шаршасаң, тыныш әуенге құлақ түр, жігерленгің келсе, екпінді ырғаққа бой ұр. Музыка – өмірдің әсемдігі ғана емес, ол жанымыз бен миымызға арналған таусылмайтын дауа. Ал музыканы дұрыс таңдай білген адам оны өзіне нағыз дос әрі емші ете алады.
А. СӘРСЕНҰЛЫ
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!