Нұр-Сұлтанда сегізінші қабатта ілініп тұрған үш жасар қыздың оқиғасынан кейін оның анасының жағдайы нашарлап, жедел жәрдем алып кеткен, – деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы қызды құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаев телеарнаға берген сұхбатында айтқан. Ол қыздың анасымен әлі кездеспегенін айтып, оның себебін түсіндірген.

«Бұл оқиғадан кейін қыздың анасы хабарласты. Алғыс айтты. Оқиғадан кейін жағдайы нашарлап, оны жедел жәрдем алып кеткен екен. Маған ауруханадан хабарласты, бірақ әлі кездескен жоқпыз», – деді Сәбит Шонтақбаев.

Еске салсақ, астанадағы Ұлы дала көшесіндегі тұрғын үйдің 8-қабатының терезесінен құлағалы тұрған баланы көршісі құтқарып қалды.

Сол күні 3 жасар қызды құтқарған жігітке белгілі депутат үш бөлмелі пәтерді сыйға тартты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!