Гесаяси жағдайға байланысты көптеген неміс компаниялары Ресейден Қазақстанға ауыспақ. Бұл туралы Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарушы директоры Михаэль Хармс мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.
Спикер геосаяси ахуалдың күрделі екенін атап өтті.
«Мұның барлығы тауарды жеткізу, шикізат құнының қымбаттауы және тағы да басқа мәселелерде ақаулар тудырады. Ресейден Қазақстанға, Орта Азияға көшкен компаниялар жайлы естідік. Германиялақ компаниялардың да Қазақстанға орнығуды жоспарлап отырғанын көріп отырмыз», – деді Михаэль Хармс Нұр-Сұлтанда өткен қазақстандық-германиялық бизнес-форум кезінде.
Оның сөзінше, Германиядағы көптеген компаниялардың серіктестері Ресейде болған. Енді олар Қазақстандағы мүмкіндіктерді пайдаланбақ. Немістер Қазақстан нарығынан серіктестер іздемек.
«Яғни Қазақстандағы германиялық бизнес туралы ой өзгеруде. Қазақстан нарығына деген қызығушылық артуда»,- деп түсіндірді Михаэль Хармс.
Ол форум кезінде шикізат, ауыл шаруашылығы, логистика мен жасыл экономика салалары бойынша серіктестік мәселелері талқыланғанын атап өтті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!