Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен түнгі рейд жұмыстары жүргізілді. Рейдке «SHABYT KZO» ҚҚ-ның үйлестірушісі Д. Кабадулла, полиция капитаны Е. Жүргенбаев пен АПб ЖПҚБ-нің УПИ полиция капитаны Н. Қозыбағаров және аудандық жастар ресурстық орталығының кеңесшілері А. Тұрмағамбет және Ә. Амангелді қатысты. Мақсат – балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу және беймезгіл уақытта жасөспірімдердің түнгі дүкендер мен қоғамдық ойын-сауық орталықтарында заңсыз жүруіне жол бермеу.

Рейд барысында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, үнпарақтар таратылды.


Жұмыссыз жастарды ынталандыру мақсатында ауылдық округтерде аймақтық спорттық сайыстар өткізілді. Ауыл спортын дамыту және де жастарымызды спортқа баулу, жұмыссыз жастардың бос уақытын тиімді өткізуді көздеген сайыс спорттың 10 түрінен өткізілді, жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Және де жұмыссыз жастарға арналған @jumys.jalagash инстаграм парақшасы және фейсбук әлеуметтік желісінде арнайы парақша ашылып, бос жұмыс орындар туралы ақпараттар жарияланып отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!