Биыл отандық киножобаларды қаржыландыруға шамамен 4,4 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мәлім етті.

Айта кетсек, питчингке қатысуға өтінім қабылдау 18 наурызда басталып, 15 мамырда аяқталды. 

Биыл саланы мемлекеттік қаржыландыру сомасы 4,4 млрд теңге шамасында. Алайда, орталық конкурс қорытындысы нақты қашан шығатынын айта алмай отыр. Себебі, ең алдымен орталық жанындағы сарапшылық кеңес мемлекеттік қаржыландырудан үмітті киножабаларды қарайды. Одан кейін конкурс нәтижесінде іріктеп алынған жобалар мемлекеттік қолдауға үміткер фильмдердің соңғы тізімін келісетін ведомствоаралық комиссияға жіберіледі. Аталған рәсімдер аяқталғаннан кейін ғана ҚР Мәдениет және спорт министрінің ұлттық кино өндірісінің тақырыптық жоспарына кіретін киножобалардың тізімі көрсетілген бұйрығы шығады.

Соңғы 3 жылда мемлекет ұлттық кинематографияны қолдау үшін 11 млрд теңгеден астам қаражат бөлген. Бұл қаражатқа 48 фильм, оның ішінде 20 көркем, 12 деректі, 3 анимациялық және 13 дебюттік фильм түсірілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!