Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ шабуыл жасаған күдікті анықталды.

NHK телерадиокомпаниясының мәліметіне қарағанда, полиция Нара қаласында 41 жастағы Ямагами Тецуяны қамауға алған. Ол бұған дейін Жапонияның теңіздегі қорғау күштерінде қызмет еткені хабарланды.

Оқиға орнында полицейлер қолдан жасалған қаруды тәркіледі.

Бұған дейін хабарланғандай, Синдзо Абэге қастандық көшеде жасалған. Ол ел алдында сөйлеп тұрғанда сол жақ кеудесінен жарақат алған. Содан жарақаттан есін жия алмай, ауруханаға жеткізілген. Қазір оның жағдайы өте қиын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!