Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлын атып өлтірген күдікті ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлын өлтірді деген күдікті ұсталып, қамауға алынды», – делінген ведомство ақпаратында.

Еске сала кетсек, 2022 жылғы 6 қаңтарда Елнар Қансейіт коменданттық сағат басталмай тұрып өз көлігімен Алматыдағы Назарбаев көшесімен жоғары жаққа кетіп бара жатқанда оққа ұшқан. Сәтбаев көшесіне жетіп, жол қиылысына тоқтаған сәтте оның көлігіне оқ жауған. Ректордың ұлы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!