Фото: pixabay.com

Қазақстанда «Теңіз жасағы» атты жаңа мемлекеттік компания құрылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа мемлекеттік компанияны құру туралы үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Құжатта компанияның толықтай мемлекет меншігінде болатыны айтылған. 

«Теңіз жасағы» компаниясы мұнайдың төгілуінің алдын алу және егер мұнай төгілуі болған жағдайда оған қарты әрекет етумен айналысады. Бұл үшін компанияға Солтүстік Каспий экологиялық мұнай төгілуіне қарсы әрекет ету базасы және Каспий теңізінде жүзеге асырылатын мұнай операцияларын қолдайтын инфрақұрылым нысандары беріледі.

«Теңіз жасағы» компаниясы төтенше жағдайлар министрлігіне бағынады.

Құжат 26 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!