Әлеуметтік желіде «Ассоль» лақап атымен танымал Әсел Бекжан өзінің өнер туындыларымен көпшілікті таңқалдыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Әсел Бекжан – портрет суретшісі, өнертану магистрі, «Таңшолпан» халықаралық тәуелсіз әйелдер қорының мүшесі, түрлі халықаралық көрмелер мен байқаулардың қатысушысы және жеңімпазы.  

Ол өз туындыларында ұлт тарихын, ұлы тұлғаларды бейнелеп келеді. Ең қызығы, қарапайым сурет емес, әр суреттің салу өнері, әдісі әр түрлі.  Мысалы, қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының портретін өзі жазған «Көзімнің қарасы» өлеңінің мәтіндерімен салған. Бұл тәсіл «Символдық графика» деп аталады екен.   

Сондай-ақ, талантты ару адам бейнесін белгілей отырып Дінмұхаммед Қонаевтың портретін бейнелейді. Ол өз жазбасында «Дінмұхамед Қонаев атамызға оның жұмысы үшін алғыс айтамыз»,-деп жазады.   

Және жақында ғана суретшіге Д.Қонавтың 110 жылдығына арналған мерейтойлық медаль табысталған екен. Бұл – оның өнертуындысына берілген баға істпеттес. Және суретші иемденген алғашқы құрмет емес. Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының арнайы құрмет грамотасымен марапатталған. 

Әлеуметттік желі қолданушыларын таң қалдырған тағы бір бейнеролик бар. Онда суретші бір уақытта 6 бірдей порттерді қол-аяғының көмегімен салып шығады. Республика күніне арнаған бұл өнер туындысында Абылай хан, Дінмұхамед Қонаев, Әлихан Бөкейхан, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және Геннадий Головкин мен Димаш Құдайберген бейнеленген.

Бұл бейнеге тамсанып, пікір білдіріп жатқандар да көп. Олардың көбі «Гиннестер кітабына лайық туынды», «Міне,нағыз талант» деген пікірде. Айта кету керек, Әсел Бекжан «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушысы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!