Қазақстанда 66 мыңнан аса адамның қарызы есептен шығарылады. Бұл туралы Сенат кулуарында Мемлекеттік кірістер комитетінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы Меруерт Сисембаева мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Толығырақ

Сисембаеваның айтуынша, тек соттан тыс банкроттық рәсімі арқылы шамамен 132 миллиард теңге қарызды есептен шығару жоспарланған.

Анықтама: Соттан тыс банкроттық – бұл сотсыз жүргізілетін қарызды есептен шығарудың жеңілдетілген рәсімі. Азамат тек өтініш береді, мемлекет оның қарыздары мен мүлкін тексереді, егер шарттар сәйкес келсе, қарыздар сот процесінсіз кешіріледі.

Жалпы алғанда, банкроттықтың екі түрі бойынша қазірдің өзінде 66,6 мыңға жуық адам банкрот деп танылды, деп жалғастырды ол.

Екі рәсім бойынша жалпы жиынтығы 66 600 адам банкрот деп танылды және олар бойынша 250 миллиард теңге есептен шығарылуға жатады», – деді басқарма басшысы.

Егер азамат несиесін 5 жылдан аса уақыт бойы төлемесе, оның қарызы автоматты түрде кешірілуі мүмкін – бұл жағдайда оның қанша табыс табатыны және мүлкінің бар-жоғы ескерілмейді. Сондай-ақ Қазақстанда «проактивті банкроттық» енгізіліп жатыр: мемлекет мұндай борышкерлерді өзі анықтап, оларға қарызды есептен шығаруды ресімдеу туралы ұсыныспен SMS хабарлама жібереді.

Банкроттыққа қалай өтінім беруге болады?

Банкроттық рәсімі орта есеппен 6 айға дейін созылады және оның екі түрі бар – соттан тыс және сот арқылы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!