«QazaqTV» телеарнасы ребрендинг жасап, атауын «Jibek Joly» болып өзгертті, деп хабарлайды.

Телеарнаның атауы ғана емес, хабар тарату кестесі де өзгерді. Ендігі уақытта «Jibek Joly» телеарнасын теледидар пультінің 7 санын басу арқылы көруге болады.

Kazakh TV арнасы Қазақстанның барлық аймақтарында хабар тарата бастады.

Kazakh TV – Қазақстан Республикасының тұңғыш ұлттық спутниктік телеарнасы. Қазіргі уақытта ол «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ құрылымына кіреді.

Арна мазмұны – 100% отандық өнім. Жалпы аудиториясы – 300 миллионнан астам көрермен. Телеарнаның бағдарламалары бірнеше тақырыптық бағытта ұсынылады және Қазақстанның мәдениеті, дәстүрі, тарихы, туризмі мен инвестициялық мүмкіндіктері сынды салаларды қамтиды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!