Қызылорда облысындағы Самара – Шымкент тасжолында жантүршігерлік жол апаты бес адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап. 

3 қазанда Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Шымкент – Самара тасжолының 1573/693 шақырымында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты. Жол апаты салдарынан 5 адам көз жұмды, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сот сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.