Қызылорда облысында болған жол-көлік оқиғасынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz

Тамыз айының 23 күні сағат 16-00 шамасында Самара – Шымкент тас жолының Қармақшы ауданы, Төребай би ауылының тұсында Volkswagen Transporter автокөлігімен қарсы бағытта келе жатқан Audi автокөлігі соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Audi автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Екі автокөліктің екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Қайғылы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, мән-жай анықталуда.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!