Қызылордалық полицейлер 10 жыл бұрын фирмадан 74,5 млн теңгеден астам қаражат ұрланған күдіктіні ұстады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 2014 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскерді қолға түсірді.

56 жастағы Қостанай облысының тұрғыны адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, бас шарасы «қамауға алу» бұлтартпау шарасы қолданылып, іздеу жарияланған. Бұл оқиға бойынша арнайы іздестіру ісі арналып, тиісті шаралар жүргізілді.

Белгілі болғандай, 2012 жылдың ақпан айында күдікті сыбайласымен бірге жалған келісімшарт негізінде Қызылорда қаласындағы фирмалардың бірінен 74 580 940 теңге көлемінде ақшаны банк арқылы есепшотына аударып, жымқырып кеткен.

Іздестіру шараларының нәтижесінде, Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен іздеуде жүрген қылмыскер Ақмола облысында ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласында қамауға алынды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!