Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен облыс көлемінде өткізіліп жатқан «Заңсыз тасымалдаушы» жедел профилактикалық шарасы барысында «М 32 Самара – Шымкент» тас жолының 1466/800 шақырымында күдік тудырған автокөлік тоқтатылды.

Тексеру барысында көліктің жүксалғышынан сөмкенің ішінен пакетке оралған гранатаға ұқсас жарылғыш зат және жүргізуші орындығының астынан 2 дана газет қиындысына оралған өзіне тән ерекше иісі бар шөп ұнтақтары анықталды. Сараптамаға сәйкес, шөп ұнтақтарының «кептірілген марихуана» екендігі белгілі болды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан рсепубликасы Қылмыстық кодексінің 287 – бабының 3 – бөлігі ( Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!