Облыс орталығында жастар арасында «Жас автомеханиктер» сайысы өтеді. Аталған салада қызмет ететін немесе білім алып жүрген жастар бағын сынап, сүйікті ісіннің шебері екенін дәлелдеуге мүмкіндік туып отыр. 

Сайыстың мақсаты – ерекше дарынды және интеллектуалды қабілеті жоғары қала жастары арасынан өз ісінің шеберлерін анықтап, жастардың кәсіптік және техникалық мамандықтарға қызығушылығын арттыру және қолдау білдіру. Сонымен қатар жастардың кәсіби біліктілігін арттыру және теория мен тәжірибені ұштастыра білу, жаңа технологияларды пайдалану арқылы көрсетілетін, тәжірибелік жұмыстарды жинақтау, іріктеу, қорытып  және өз ісінің шеберлерін байқау нәтижесі бойынша анықтау. Жастардың бойында кәсіби шеберлікті шындау және мамандық бойынша заманауи технологияларын ендіру қажеттілігі негізінде базалық және кәсіптік құзыреттерінің қалыптасуына ықпал ету. Сондай-ақ болашақ мамандар даярлау және біліктілік деңгейін анықтау.

Сайыс екі кезеңнен тұрады. Ең алдымен теориялық  кезеңде қатысушыларға мамандық бойынша тест сұрақтары беріледі. Ал екінші тәжірибелік  кезеңде екі модульден тұратын тапсырма беріледі. Барлық тапсырма орындалмай модуль толық деп есептелмейді. 

Сайысқа 16-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Бас жүлде – 100 000 теңге.

Жарысқа қатысуға ниетті жастар қала тұрғыны болуы керек және 15 қазанға дейін тіркелуі қажет. Тіркелу үшін мына сілтемеге өту керек. Қосымша сұрақтар бойынша 8 (708) 477-95-00, 8-776-567-32-32 нөмірлеріне хабарласуға болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!