«Qaisar» әскери-патриоттық жобасы аясында «Jas Otan» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалы және қалалық білім бөлімі   55/47 әскери бөлімшесімен бірлесіп «Сарбаз болғым келеді!» атты акциясын бастады.

Шараның мақсаты – жастардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери-патриоттық рух қалыптастыру, азаматтарымыздың Отан алдындағы борышын өтеуге шақыру, салауатты өмір салтын  насихаттау.

7-мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында өткізілген акцияда әскери бөлімшенің тәртібіне сәйкес 100 ден аса мектеп бітіруші түлектер бөлімшеге экскурсия жасап, оқу-жаттығу жұмыстарын тамашалады.

«AMANAT» партиясының съезінде партияның атқарушы хатшысы       А.Р.Оралов жеті басымдықты қамтитын партияны жаңғырту жоспарын ұсынды.  Бағдарламада көрсетілген жеті басымдықтың бірі жастарға қатысты.  Осыған байланысты, «Jas Otan» жастар қанаты жастар арасындағы өзекті мәселелерді шешудің жаңа бағыттарын белгіледі. Бірінші кезекте жастармен жұмыс бойынша жүйелі жобалар іске асыруда белсенді жұмыстарды бастап кеттік – деді «Jas Otan» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы М.Жорабек.

 «Бүгінгі шара өте қызықты өтті. Бөлімшеде бір күн болып көп дүние үйрендім. Отанды қорғау әрбір азаматтың борышы. Сондықтан менде әскерде болып, өз міндетімді орындауға әрқашан дайынмын. Осындай шара ұйымдастырған жасотандықтарға алғыс айтамын» – деді акцияға қатысушы 10 сынып оқушысы Бабаш Жақұт.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!