Қазақстанның бұрынғы Премьер-Министрі сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған Серік Ахметов мемлекеттік органдарға хат жолдады.

– Маған тағылған барлық айып бойынша ақтап, жала жауып, істі қолдан ұйымдастырғандарды жауапқа тартуды Жоғарғы Соттан талап етемін, – дейді Серік Ахметов.

Оның айтуынша, шенеуніктің қызметтен кетуі Антикордың бұрынғы қызметкері, Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің экс-басшысы Олеся Кексельдің басқаруымен істелген екен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!