Төтенше жағдайлар министрі өрттен екі адамды құтқарған қарағандылық 2 оқушы Ерасыл және Қанат Смағұловтарды және олардың көршісі Руслан Түсіповті «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты марапаттау шарасы ағайынды Смағұловтар оқитын №12 мектепте өтті. Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Бекбосынов батырларға ведомстволық медальдар мен естелік сыйлықтарды оқушылар мен педагогтардың қатысуымен өткен жиында табыс етті.

Өз кезегінде облыстың Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова оқушыларға Білім министрінің алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарын тарту етті.

«Жігіттер нағыз батылдық танытып, қайғылы жағдайдың алдын алды. Бұған бәрі бірдей батылдық таныта алмайды, бұл батылдық пен шешімділікті қажет етеді. Балаларын дұрыс тәрбиелеген батырлардың ата-аналарына алғыс айтамыз», – деді Нұрлан Бекбосынов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!