Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақорданың Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы 2024 жылы 24-25 сәуір күндері Астана қаласындағы Президенттік орталықта өтеді», – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы 2023 жылдың 27 сәуірінде өткен еді. Сессияда сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы Ассамблеяның ролі туралы айтқан болатын. Т

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!