Қазақстан бойынша 2022 жылғы 16-18 тамыздағы ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Болжамға сәйкес алдағы тәуліктер жауын-шашынсыз өтеді. Қазақстан аумағының басым бөлігі Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалында болады. Соның әсерінен апта ортасына қарай ауа температурасы төмендейді. 

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда топырақ бетінде 2°с-қа дейін үсік күтіледі. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел күтіледі. 

Республика бойынша ауа температурасының төмендеуі күтілуде: 

  • батыста түнде + 15+28°С, күндіз +30+40°С, 
  • солтүстік-батыста түнде +3+12°С, күндіз +15+25°С, 
  • солтүстікте түнде +2+7°С дейін, күндіз +12+17°с дейін, 
  • орталықта түнде +3+12°с дейін, күндіз +13+23°С дейін, 
  • шығыста түнде +2+11 °С дейін, күндіз +12+20°С дейін, 
  • елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +10 + 18°С, таулы аудандарда + 3+8°С болжанады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!