Бүгін Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжановтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Актив отырысында аудан әкімінің 2022 жылғы 16 мамырдағы №179 өкімімен Жамалатов Мардан Сырмағанбетұлы Жалағаш кентінің әкімі лауазымына сайланды.
Мардан Сырмағанбетұлы 1988 жылы Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылында дүниеге келген.Білімі жоғары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласындағы №7152 әскери бөлімде келісім шарт негізінде әскери қызметте бастаған.
2013 жылы – Қызылорда қаласындағы “Қайнар” спорт клубында нұсқаушы.2013-2018 жылдары – Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінде жетекші маман, бас маман.2018-2019 жылдары – Жалағаш кенті әкімінің орынбасары.2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін Жалағаш ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарып келген.
Аудан басшысы А.Есжанов Мардан Сырмағанбетұлына Жалағаш кентінің әкімі лауазымын атқара отырып Жалағаш кентінің әлеуметтік-экономикалық дамуына, кентіміздің көркейуі мен өркендеуіне барлық кәсіби әлеуетін жұмсап, жауапты жұмыстарды ұтымды ұйымдастырады деген сенім білдірді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!