Ербол Ізбергенов Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«3 қазанда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев қалалық мәслихат депутаттарына басқа жұмысқа ауысқан Нұрдәулет Қилыбайдың орнына Ақтаудың жаңа әкімі кандидатурасын ұсынды. Президент Әкімшілігімен келісілген жаңа кандидат бұрын Ақтау әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ербол Ізбергенов болды», – делінген хабарламада.