Фото: Артем Чурсинов – архив

Бұл сұраққа ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрілігі комитет төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тұрғын үй тапсырылатын кезде тоңазытқыш, теледидар сияқты базалық, қажетті мүліктер қосымша демеушілердің есебінен, басқа да қаржылық көздер арқылы берілетін болады, – деді ол.

Ақпарат «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафонының эфирінде айтылды.

Айта кетейік, 10 республикалық арнадан көрсетілетін шараның басты кейіпкерлері – табиғи апат кезеңінде батылдық танытып, өз өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тіге отырып қызметі мен азаматтық борышын абыроймен атқарған қазақстандықтар. Олардың қатарында құтқарушылар, медицина қызметкерлері, әскери қызметшілер, еріктілер, кәсіпкерлер мен сын сағатта жұдырықтай жұмылып, ынтымақ пен бірліктің үлгісін танытқан ел тұрғындары бар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!