Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының сайланған әкімді тіркеу туралы 2022 жылғы 3 шілдедегі шешіміне сәйкес Әбдіқалықов Қуаныш Боранбекұлы Жаңаталап ауылдық округі әкімі болып сайланды.

Қуаныш Боранбекұлы 1974 жылы 27 маусымда Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы құрылыс инженері, тарих пәнінің мұғалімі.Еңбек жолын 1991 жылы «Темірбек Жүргенов» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмысшы болып бастаған.1995-1999 жылдары – «Жаңаталап» серіктестігінде жұмысшы.1999-2002 жылдары – Мақпалкөл ауылы әкімінің орынбасары.2002-2010 жылдары – Мақпалкөл, Жаңаталап ауылдық округ әкімі аппаратында бас маман.2011-2014 жылдары – Жаңаталап ауылдық округ әкімі аппаратында статист.2014 жылдан бастап осы уақытқа Жаңаталап ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!