Бүгінгі барлық мемлекеттік органдарының мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу, мемлекеттік қызметте реттік пен тәртіпті күшейтуге бағытталған шараларды қарастыру болып табылады.

          Сондықтан жемқорлықты болдырмау барлық мемлекеттік органдар жұмысының негізгі басыңқы бағыттарының біріне айналып отыр.

         Қызылорда облысының Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту, алдын алу және жолын кесу, Әдеп кодексі нормаларын сақтау бойынша іс-шаралар жоспарлы түрде атқарылып келеді.

           Іс-шараларды өткізудегі басты мақсат -мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбестік қарым-қатынасты қалыптастыру және тұрмыстық деңгейдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. 

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтарды сақтау және тәртіпті нығайту мақсатында тұрақты негізде «АMANAT» партиясының филиалы,  Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыс бойынша филиалының, прокуратура органдарының өкілдерінің қатысуымен семинарлар, кездесулер, дәріс нысандарында шаралар және дөңгелек үстелдер өткізілді.

Өткізілген іс-шараларда сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу шаралары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын, шектеулерді сақтау мәселелері қаралып, талқыланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және әдеп нормаларын сақтау мәселелері жайлы ауданаралық әділет басқармалары тарапынан семинарлар, «Ашық есік» күндері, құқықтық көмек көрсету бойынша тікелей эфирлер, жеке қабылдаулар өткізіліп, дәрістер оқылды.           Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында ашылған «ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі департамент ғимаратының бірінші қабатында орналастырылған, сондай-ақ, азаматтармен жұмыс жасауға ыңғайлы болу үшін департамент басшысының орынбасарларының қызметтік бөлмелері де бірінші қабатта орналасқан. Сондай-ақ, ғимараттың бірінші қабатында азаматтарды жеке қабылдау орындары жасақталған. Онда азаматтарды қабылдау барысын жүргізетін бейнебақылау  орнатылған.

    Әділет департаментімен облыс бойынша нотариустар, адвокаттардың, жеке және мемлекеттік сот орындаушылар, департаменттің бөлім қызметкерлері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері мен заң кеңесшілерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өткізіліп тұрады. 

 Әлеуметтік желілер арқылы сот актілерін орындау, тіркеу, әділет департаментінің негізгі бағыттары бойынша құқықтық онлайн түсіндірмелер жүргізу бойынша тікелей эфирлер өткізіліп отыр.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда мемлекеттік қызметшілер оқытылып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде өткен кеңесте халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейтуге шақырған болатын. «Жемқорлық –індет, онымен күресу – міндет» қағидатын баршаның санасына сіңіру бүкіл мемлекеттік органның ортақ жұмысы болуға тиіс екендігін атап өтті.

Осы бағытта департамент және оның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерін толығымен құқықтық насихаттауға жұмылдыру және аталған жұмыстың пәрменділігін арттыру мақсатында   құқықтық және қызмет барысында туындаған қажеттіліктерге сәйкес  тақырыптар бойынша, сондай-ақ әділет органдарының негізгі функциялары туралы мақалалар жарияланып, телеарналар мен радио толқындарында түсіндірме – сұхбаттар, «Ашық есік» күндері ұйымдастырылып келеді.

Мәселен, «Жемқорлық –індет, онымен күресу – міндет» қағидаты бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде және «Болашақ» университетінің студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Осы бағытта әрі қарай заңнамамен және стратегиялық құжаттармен көзделген шараларды пәрменді жүзеге асыруды талап етеді.

 Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында 6 міндет қаралған.  Әр адам сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік таныта білсе, осы қойылған алты міндеттің орындалуы іске асады.  

 Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр және сапалы нәтижеге қол жеткізуге ауқымды іс-шаралар жоспарланған. Осы негізде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жұмыстар жалғасын таба береді.

Қызылорда облысының

әділет департаментінің бөлім басшысы Э.Абдыкаликова

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!