Нашақорлық – қоғамдерті, ғасыріндеті! Адам өміріне балта шабатын ауыр қасіреттердің бірі, бірі ғана емес бірегейі десек те болады.

Нашақорлық – наркомания ( грек тілінен narke – мелшию және mania – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы дерт. Бір рет дәмін татып көрген адамның одан құтылуы оңай емес!

Нашақорлықтың салдарынан адамның ішкі дүние мүшелері зақымданып қоймайды, сонымен бірге, жүрек, жүрек тамырлары, жүйке, асқорыту, эндокриндік жүйелер де зақымдалады. Нашақорлықтың адамзат үшін қауіптілігі сонда – шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт деп есептейді.

Нашақор адам есірткіні өзі қолданып қана қоймай,  жылда кем дегенде бес адамды осы әрекетке тартады екен, сөйтіп басқалардың да нашақор болуына себепші болады. Қазір Қазақстанда ресми дерек бойынша, есірткі тұтынушы ретінде тіркелген 48 000 адам есепте тұр. Алайда, ресмиемесдереккөздерібойыншаолардың саны 350 000-нан астам. Сондай-ақесірткігетәуелділердің 27%-ін 12-16 жастағыларқұраса, 42%-іненастамы 17-26 жасарасындағылар, яғни, жастар.

Статистика бойыншақазіргікездеесірткініқабылдайтындардыңкөпшілігіжастарболыпотыр. Бұл жағдай мамандардың пікірі бойынша,  бір жағынан, отбасындағы психологиялық ахуалға байланысты деп санайды, ата-атасының бақылауы және қарым-қатынасы нашар болса, осыдан келіп бақылаусыз қалған жасөспірімдер осындай қауіпті дертке  ұшырайды. Қазіргі ақпараттар мол тасқыны заманында балаға тәрбиені теледидар, ғаламтор, я болмаса көше береді. Балалар бейтаныс нәрсеге тез еліктейді.

«Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын» деп дана атамыз Абай айтқандай, өмірімізге балта шаппайық, жарқын болашағымызды қараңғы етпейік деп замандастарымызға жар саламын!

Қараңғы етпе жас өмірдің аспанын,

Өмір өтер, сондай қысқа қас-қағым!

Қасіретке айналмасын тағдырың,

Уланбасын есірткіге жас жаның!

#есірткігеқарсы #противнаркотиков

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!