ӨҢ
Түнек түйсігім тоңазып торланған
күннен,
Сандалтпады ма санамды сор бағып
жүрген?
Түннің тылсымын қаңғыған иттер
біледі,
Көшелерінде қаланың өкшелеп
үрген.

Тамшы тығылды тас
жолдың тесік төсіне,
Бүркіген жаңбыр
ұлданбас бұйрық ісіне,
Секундтар сайын
сенделіп, сіңіп барамын,
Шулы шаһарда теңселген
тобыр ішіне.

Ғашықтар келед(і) тоя
алмай сүйіске кілең,
Мына жас жігіт анау
бір мүйіске кірер.
Мастық күші мен
жастықтың буына пісіп,
Пенделер шықты
кірлеген пейіштерінен.

Тұсынан өттім түр-таныс
терезелердің,
Қою түнімнің өліара кезіне
келдім.
Қараңғылыққа бір ару батып
барады,
Менің де келді ілесіп ізіне ергім…

Құтханаларда әкейлер
жағуда шырақ,
Азан шақырды момақан
мешіттер жылап.
Есік алдында ертемен қайыршы
жүрді,
Құдайдан тілеп нан-суын, адамнан
сұрап.

  • * *
    Меңіреу жер жылауық қыз жасын
    жұтып алады,
    Етегіне жасы құлап еңіреп,
    Жүгіреді ол жеңілген,
    Жалғыздығы қылғындырып сатқын
    түннің салқынына қамады,
    Ессіздігі шыңғырады ернінен.
    Сандырақтап көшеде,
    Есінеген ауыр ойлар өңгеріп,
    Тамырынан темекіге төр беріп,
    Кітаптардың көлеңкесін көтеріп,
    Еленбеген еңбектерге терлеген
    бір ақын,
    Өзен жаққа жалғыз кетіп барады…
    Өз өтірігін өлеңіне салық қып,
    Жан досы жоқ жамыраған қалада,
    Жалғыздықпен кездесуден
    жалыққан,
    Бозбаланың сәлемін ботана бұлт
    ала кетті сонау ақбас тау жаққа!

Жасыл қала қазір қайта сарғайған,
Көңілі күзге соқтыққан,
Жапырақтар өлеңге қатты ұқсайды,
Өліп қалған жоқтықта.
Қыздың жасы,
Сандырағы ақынның,
Сағынышы баланың,
Жапырағы күз сарғайтқан қаланың…

  • * *
    Жоғалған жолдардан жөн сұрап,
    Бағытсыз сенделген бəдəуи секілді,
    Тізесін құшақтап жылаған түндердей
    қыңсылап,
    Адасқақ ойларым мазамды кетірді.
    Сынық ай əлемге шашылған сəулесін
    жинауға ұмтылған,
    Ол солай түндердің тұнығын
    бүлдірген,
    Мүмкін, ол парақ па қасиетті кітаптан
    жыртылған,
    Түзеуге келмейтін кім білген?
    Тəкəппар қаланың қақпасын ашуға
    тырысқам,
    Жауынгер сияқты арудың жұпарын
    аңсаған қажыған ұрыстан,
    Жатудан шаршаған көшелер
    қарсылап,
    Кəрі үйлер шығарып салады қуыстан.
    Тағы бір ауыр түн өткенде бұл қала
    қалар ма дымсыз,
    Пенделер ұйқыға кеткенде ең ұлы
    Суретші үнсіз!

Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!